"Мәскеудің ұстанымы": Путин ядролық қауіпті тежеу жаттығуларын өткізді
Жарияланған күні:
Читать на русскомВладимир Путин бүгін стратегиялық ядролық қауіпті тежеу күштерінің жаттығуында болды. Ресей президенті ядролық қаруды қолдану туралы да ойын айтты.
РИА Новости мәліметінше, мемлекет басшысы Кремльдегі ахуал орталығында болды.
"Бүгін біз стратегиялық қауіпті тежеу күштерінің кезекті оқуын өткізіп жатырмыз. Баллистикалық және қанатты зымырандарды іс жүзінде ұшыру арқылы ядролық қаруды қолдануды бақылау бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетін үйренеміз", - деді ол.
Путиннің пікірінше, ядролық қаруды қолдану елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің төтенше шарасы болмақ. Ресей басшысы атап өткендей, бұл – Мәскеудің ұстанымы.
Ресей Федерациясының басшысы сондай-ақ "ядролық үштік" Ресейдің егемендігі мен қауіпсіздігінің сенімді кепілі болып қала беретінін, оған стратегиялық тежеу мәселелерін шешуге, сондай-ақ әлемдегі ядролық тепе-теңдікті және күштер тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретінін жеткізді
"Біз жаңа қарулану бойынша жарысқа түспейтінімізді атап өтейін, бірақ біз ядролық күштерді қажетті деңгейде сақтаймыз", - деді Ресей басшысы.
Оның айтуынша, әлемде шиеленістің күшеюі және жаңа сыртқы қауіп-қатерлердің пайда болуы үнемі дайын тұратын заманауи стратегиялық тежеу күштерінің болуының маңыздылығын көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180280-maskeuding-ustanymy-putin-iadrolyq-qauipti-tezheu-zhattygularyn-otkizdi/