Дипломат күйеуі ұрып-соққан: Карина Мамаш күйеуімен ресми түрде ажырасқанын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомБұған дейін диломат күйеуі ұрып-соққанын хабарлаған қазақстандық әйел Карина Мамаш ресми түрде ажырасқанын айтты. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Карина Мамаш Instagram желісіндегі парақшасындағы Stories-те оқырмандарының сұқрақтарына жауап берді. Жазылушылардың бірі оның жұбайымен қазіргі қарым-қатынасы туралы сұраған. "Сіз ажырастыңыз ба?" деген сұраққа ол: "Иә, мен ресми түрде ажырастым" деп жауап жазды.
Еске салайық, мамыр айының басында Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш әлеуметтік желіде күйеуінің тарапынан 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді. Бұдан кейін Сыртқы істер министрлігі қызметкерді Қазақстанға кері шақырып жатқанын хабарлады: оның ісін құқық қорғау органдары қолға алатыны хабарланды.
Кейін Астана полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеудің басталғаны туралы ақпаратқа кейін ІІМ түсініктеме берді.
"Олар азаптау туралы іс қозғады, қазір оның қайда екенін айта алмаймын, біріншіден, сараптаманың қорытындысы бойынша шешім шығарылады Сараптама, жауап алу нәтижелері бойынша... қазір процессуалдық әрекеттер жүріп жатыр", - деді ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха мамыр айының ортасында.
9 мамырда Карина Мамаштың балаларымен бірге Астанадағы дағдарыс орталығында екені белгілі болды. Оған психолог пен заңгердің қызметтері көрсетілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180417-diplomat-kuieui-uryp-soqqan-karina-mamash-kuieuimen-resmi-turde-azhyrasqanyn-aitty/