Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғын үй кешені күзетшісін аяусыз өлтіру ісі: полицейлер тергеу қайта басталғанын хабарлады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда наурыз айында тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлтіру дерегі бойынша тергеу қайта басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін сот-психиатриялық сараптаманың жүргізілуіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тоқтатылды, қазіргі уақытта іс қайта жанданды, тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді Алматы қалалық ІПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство өкілдері тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілетінін айтты.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айының соңында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде көлік жүргізушісі күзетшіні бірнеше рет қасақана қаққан. Содан кейін ол көліктен түсіп, оны аяусы ұрған. Бұл оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

42 жастағы Нұрбол Қайыпбаев алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 45 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қыркүйек айында Алматы прокуратурасы наурыз айында тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлтіру фактісі бойынша тергеудің тоқтатылуына қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Күдіктінің психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық ұйымға орналастырылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180612-almatyda-turgyn-ui-kesheni-kuzetshisin-aiausyz-oltiru-isi-politseiler-tergeu-qaita-bastalganyn-habarlady/