Түркістан мақта-мата өндірісін қолға алмақ: жаңа зауыттың капсуласы салынды
Жарияланған күні:
Түркістан енді мақта-мата өндірісін қолға алады. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа зауыттың капсуласын салу салтанатына арнайы қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Түркістан" телеарнасының Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, мақта кластерін құруға бағытталған өндіріс орнының құрылысын қытайлық компания қолға алған.
Толық циклді тоқыма фабрикасының құрылысы 44 гектар жерде орналаспақ. Мұнда 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
TURAN арнайы экономикалық аймағында орналасқан, мақтаны терең өңдеп, дайын өнімді экспортқа шығаратын көпсалалы кешеннің капсуласын облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен "Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені" ЖШС-нің директоры Сюй Цзе салған.
Аймақ басшысы бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығын айта келе, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге шығаратын жаңа бастамаға сәттілік тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180786-turkistan-maqta-mata-ondirisin-qolga-almaq-zhanga-zauyttyng-kapsulasy-salyndy/