Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кредит төлей алмай отырған қостанайлық кәсіпкерлердің тасқыннан келген шығыны өтеледі

Жарияланған күні:

суарғыш құрал
Суарғыш құрал. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы су тасқынынан зардап шеккен бау-бақша егушілерге қатысты пікір білдірді. Олардың материалдық шығынын төлеу жолдары қарастырылып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы жерінің құнарлы қабатын су шайып кеткен кәсіпкерлерге материалдық шығынды өтеу мәселелерін үкіметке жолдағанын жеткізді.

Кәсіпкерлер құқын қорғаушылар бизнес өкілдерінің материалдық шығындарына өтемақы алу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 2024 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссия 742 108 493 теңге сомасына 65 өтінімді мақұлдаған. Бірақ шешімін таппай жатқан мәселелер жетерлік. Әсіресе ауыл шаруашылығы бойынша түйткіл тұстар көп.

"Шығын шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне қатысты мәселелер ішінара реттелген болса, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге байланысты көптеген шешімін таппаған сұрақтар бар. Бұл мақсатта "Атамекен" ҰКП жүйелі жұмыстар атқарып жатыр. Соның бірі жердің құнарлы топырағын су шайып кетуі мен картоп өсірушілер жайында. Кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашлығы өнімін өндірушілердің шығындарын барлық позиция бойынша өтеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің ережелеріне өзгерістер енгізу жөнінде бірнеше мәрте өтініш жолдады", - делінген Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі жолдаған ақпаратта.

Жарты жылдан бері үздіксіз жұмыс істеуден арқасында ережеге өзгерістер де енгізілген. Әу баста төлемақы алуға тисілі кәсіпкерлік санатына енбей қалғандардың құқығы қорғалыпты. 58 бизнес субъектісі (мал шаруашылығы базаларына келтірілген залал, қоймалар, ауыл шаруашылығы техникасы, жем, тұқым, жылыжайлар, ара ұялары, балық питомниктері және т. б.) қазіргі уақытта сомасы 1,322 млн теңгемен өтінім беруге дайындалып жатыр. Кәсіпкерлер палатасы зардап шеккендерге төлемақы өтеу мәселесі бойынша жұмысын әрі қарай табандылықпен жалғастыра беретініне сендірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысы Қостанай ауданының Тобыл өзені табанына картоп, көкөніс еккен кәсіпкерлер биыл көктемгі тасқыннан қатты зардап шеккенін жазған едік. Топырақтың құнарлы бөлігі мен агрегаттарын су шайып кеткен. Көктемде көбісі батпаққа айналған егістікке кіре алмай, биыл күзде табыссыз қалған. Енді кредитін қалай төлерін білмей отырғанын айтқан еді.

Автор: Айнұр Нұрмағамбетова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180844-qostanaida-kredit-tolei-almai-otyrgan-kasipkerlerding-su-tasqynynan-kelgen-shygynyn-toleu-qarastyrylyp-zhatyr/