Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимур Мұратов денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Жарияланған күні:

Тимур Мұратов
Тимур Мұратов. Фото: t.me/ukimet_points

Тимур Мұратов денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Telegram-дағы арнасы хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Мұратұлы Мұратов денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарда.

1977 жылы Абай облысында дүниеге келген. 

Семей мемлекеттік медицина академиясын, Еуразия гуманитарлық институтын, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласының №6 емханасында дәрігер-уролог болып бастаған.

Әр жылдары "Ақ ниет" сауықтыру орталығында, Қорғаныс министрлігінің Бас әскери емханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында жұмыс істеді.

2010-2015 жылдары — Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер орынбасары.

2015-2017 жылдары — №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.

2017-2018 жылдары — Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2018-2019 жылдары — Астана қаласының Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері.

2019-2020 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының бірінші орынбасары болды.

2020 жылдан 2023 жылға дейін — Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180850-timur-muratov-densaulyq-saqtau-vitse-ministri-qyzmetine-tagaiyndaldy/