Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Ербол Әліқұлов
Ербол Әліқұлов. Фото: primeminister.kz

Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің Telegram-дағы арнасы хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов берген өтінішіне сәйкес мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарда.

Ербол Әліқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Б. Момышұлы атындағы «Кәусар бұлақ» республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.

1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді. 

2002-2005 жылдары – Алматы қ. Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары.

2006-2009 жылдары – Алматы қ. Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары.

2009-2013 жылдары – Алматы қ. Жетісу ауданының әкімі.

2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары – Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы.

2017 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.

2017-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік  инспекторы.

2022-2023 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2023 жылдың қазан айынан биылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болған. Ал ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Әліқұлов Шымкентбайұлы мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180853-erbol-aliqulov-madeniet-zhane-aqparat-vitse-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/