Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарыөзектегі сарбаз өліміне қатысты айыпталған әскери қызметкер 7 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сарбаздар мен әскери көлік құралдары
Әскери көлік құралдары. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Сот Сарыөзек ауылындағы 29108 әскери бөлімінде қайтыс болған мерзімді әскери қызметші Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты іске нүкте қойды. Бұл туралы Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Биыл жазда Қорғаныс министрлігі 2024 жылдың 13 мамырында Сарыөзек ауылындағы 29108 әскери бөлімінде болған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтқан еді.

"Қылмыстық іс қозғалды. Әскери қызметшінің ата-анасына барлық қажетті көмек көрсетілді. Өтемақы төлеу түріндегі көмек берілді. Қорғаныс ведомствосы мен ата-анасы жүргізіліп жатқан тергеу шараларының объективтілігіне мүдделі", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ал бүгін Әскери соттың баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне мерзімді әскери қызметшінің өліміне қатысты айыпталушыға шығарылған үкім туралы хабарлады. Іс Алматы гарнизоны әскери сотында қаралды.

"Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігімен сотталушы Ш. 7 жылға бас бостандығынан айырылды, "Лейтенант" әскери шенінен айырылды. Одан бөлек, сотталушыдан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге моральдық шығын өндірілді. Материалдық шығын – 900 мың теңге", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180864-saryozektegi-sarbaz-olimine-qatysty-aiyptalgan-askeri-qyzmetker-7-zhylga-sottaldy/