"Қатты талқыламауды ұсынамын": бас прокурордың орынбасары балаларға жасалған қылмыстар туралы пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев журналистерге Қазақстандағы балаларға жасалған қылмыстарды басылымдарда "қатты талқыламауды" ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Шенеунік бұл пікірін бүгін сенат кулуарында айтты.
"Балаларға жасалған қылмыстарға қатысты барлық іс бас прокурордың ерекше назарында, мұны сеніммен айта аламын. Бас прокурордың осы мәселемен айналысатын орынбасары және сол процесті жүргізетін қызмет кәмелетке толмағандар бойынша жасалған қылмыстардың барлық мән-жайын күн сайын баяндап отырады.
Бір ғана нәрсе, баланың құқығы бар, ата-ананың құқығы бар, бірақ бұл қылмыстара қатысты мән-жайлар тым нәзік сипатқа ие екенін түсінетін шығарсыздар? Ал, шынын айтсам, құрметті журналистер, бұл мәселелерге тоқталып, қатты талқыламауды ұсынамын", - деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Еске салсақ, сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойған еді. Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181194-qatty-talqylamaudy-usynmyn-bas-prokurordyng-orynbasary-balalarga-zhasalgan-qylmystar-turaly-pikir-bildirdi/