Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман мен көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Тұман басқан жол
Жол. Көрнекі фото: UGC

"Қазгидромет" РМК 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

1 қарашада Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

1 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады.

1 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

1 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

1-3 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, оңтүстікке ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с болады. 2 қарашада облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

1 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі.

1 қарашада түнде Павлодар облысының батысында, орталығында тұман, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

1 қарашада Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181458-tuman-men-koktaigaq-qazaqstannyng-basym-boliginde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/