Түркістан облысында полиция 9 айда 250 келіден астам марихуана тәркіледі
Жарияланған күні:
Түркістан облысында полиция 9 айда 250 келіден астам марихуана тәркілеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2024 жылдың 9 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 629 деректі анықтаған. Оның 35-і есірткі сату, 67-сі заңсыз егу, 10 жайты аса ірі көлемде есірткі сақтау болып отыр. Сондай-ақ 1 есірткі лабораториясының жұмысына тосқауыл қойылған.
"Жалпы заңсыз айналымнан 250 келіден астам марихуана мен 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Мәселен "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" тас жолы бойында "Форд" автокөлігі тоқтатылып, Шымкент қаласының тұрғынынан 79 келі кептірілген марихуана тәркіленіп, күдікті қамауға алынды", -делінген өңірлік ПД хабарламасында.
Одан бөлек есірткі жарнамалау, граффити жазулары бойынша 8 дерек тіркеліп, есірткі жарнамалаушы 94 ақпараттық сайт бұғатталды.
Сондай-ақ ІІМ тікұшағымен есірткі алқаптарында әуемен барлау жұмыстары жүргізіліп, 63 дерек анықталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаспақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181471-turkistan-oblysynda-politsiia-9-aida-250-keliden-astam-marihuana-tarkiledi/