Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 251 отбасы жалға берілетін пәтерлерге қоныстанды

Жарияланған күні:

пәтер кілт1
Пәтер кілті. Фото: pixabay.com

Шымкентте мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған 251 отбасы жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент ӨКҚ мәліметіне сүйенсек, оның ішінде 48 пәтер көпбалалы отбасыларға, 112 пәтер әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға, ал 91 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілген. Қазір келісімшарт жасасу рәсімдері жүргізіліп жатыр.

"Жаңа тұрғын үйлер 189 орамда және Тұран шағын ауданында орналасқан. Әлеуметтік пәтерлер 3-4 жайлылық санатына сәйкес келеді, ең үлкен ауданы 73 шаршы метрге дейін қарастырылған", - делінген қалалық ӨКҚ хабарламасында.

Айта кету керек, 2024 жылы Шымкент қаласында 2274 азаматты несиелік тұрғын үймен қамту жоспарланса, оның ішінде 304 азамат баспанаға қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181474-shymkentte-251-otbasy-zhalga-beriletin-paterge-qonystandy/