Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Итбалықтың жаппай қырылуы: маңғыстаулық балықшылар айыппен келіспейтінін жеткізді (видео)

Жарияланған күні:

Итбалық
Итбалық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маңғыстау облысының балықшылары мұқият экологиялық тексеру жүргізіп, итбалықтардың жаппай қырылуының нақты себебін анықтауды талап етті. Бұл туралы КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, маңғыстаулық балықшылар жануарлардың өліміне ішінара кінәлі деп танылғанына алаңдаулы. Жергілікті тұрғындар онда бұл жануарлардан бөлек балық пен құстардың да көптен бері қырылып жатқанын айтады. Сондай-ақ, олардың пікірінше, мұндай індет аудан туындауы мүмкін емес.

"Қарасаңыз, итбалықтардың көбінде жарақат байқалмайды. Біздің ойымызша, бұл жерде мәселе экологияда болып тұр. Біз олардың үстінен майлы пленканы, кейбір жараларды көрдік. Неліктен экологтар бұған әлі күнге дейін назар аудармағанын, суды тексермегенін білмеймін. Мұнда жаз бойы балық өліп жатты", - деді Наурызбек Ниязов.

Түпқараған ауданында 24 қазанда итбалықтардың өлекселері табыла бастады. Қазірдің өзінде 300-ге жуық өлген жануар есептеліп бітті.

Жағалау аймағында тұратын балықшылар өз денсаулықтарына да, итбалықтың өліміне де алаңдайтынын мойындады.

Төтенше жағдайдың ресми себебі әлі жарияланған жоқ. Қазір облыста ветеринарлық инспекция мен балық шаруашылығы комитетінің қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Кешенді тексеру тағайындалды. Су үлгілері зерттелуде.

"Бұл мәселе жан-жақты зерттеліп жатыр, алынған сынамалардың қорытындысы бойынша зертханалық-аналитикалық бақылаудың нәтижесінде су ресурстарының сапасы туралы мәлімет берілгенде, кешенді қорытынды жасалады", - деп түсіндірді Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстары вице-министрі Жомарт Әлиев.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181527-itbalyqtyng-zhappai-qyryluy-manggystaulyq-balyqshylar-aiyptaumen-kelispeitinin-zhetkizdi-video/