Қостанайда балалар жаттықтырушысы миллиондаған қаржы жымқырды деп айыпталды
Жарияланған күні:
Қостанайда шорт-тректен балалар мен жасөспірімдер құрамаларының бапкері 5,6 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айыпталды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Прокуратураның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 21 қазанда Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлауға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті.
"Тергеу барысында 2022 жылғы қазаннан 2024 жылғы қаңтарға дейін Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек бойынша жаттықтырушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жиындар мен жарыстарға іс жүзінде бармаған адамдарды заңсыз көрсету жолымен шығындардың нақты сомасын ұлғайта отырып, жалған аванстық есептер құрастырғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Түскен ақшаны жаттықтырушы иемденіп алған. Ұрланған бюджет қаражатының сомасы 5,9 млн теңге болғаны анықталды.
"Кейіннен ұрланған ақша қаражатын депозиттік шотқа аудару арқылы заңды айналымға тартқан, ол жерден ай сайынғы сыйақыны 9,6 пайыздық мөлшерлемемен алған.
Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңге болды", - делінген хабарламада.
Оның бұл әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлау) 218-бабының 1-бөлігі (ақшаны заңдастыру (жылыстату), яғни конверсия түрінде мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңды айналымға тарту) бойынша сараланады.
Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181648-qostanaida-balalar-zhattyqtyrushysy-milliondagan-aqshany-zhymqyrdy-dep-aiyptaldy/