Түркістан облысында бұзақылық жасап, іздеуде жүрген азамат Стамбулда ұсталды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында бұзақылық жасап, іздеуде жүрген азамат Стамбулда ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық азамат Стамбулда ұсталған.
Өткен жылы жазда ер адам таныстарымен бірге Сарыағаш қаласының кафелерінің бірінде болып, басқа келушімен жанжалдасып, оған дене жарақатын салып, мекеменің мүлкіне зақым келтірген.
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181786-turkistan-oblysynda-buzaqylyq-zhasap-izdeude-zhurgen-azamat-stambulda-ustaldy/