Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында танысын "арзан алтын алдырамын" деп сан соқтырған әйел анықталды

Жарияланған күні:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция алаяқтық қылмысының 5 фактісіне қатысы бар күдікті әйелді анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысының бірнеше жайтына қатысы бар әйелді анықтады.

Келіншек танысының сеніміне кіріп, Алматы қаласынан арзан алтын алдырып беремін деп 160 мың теңге ақшасын алған. Содан қаражатты бас пайдасына жаратқан.

Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан бөлек 4 бірдей алаяқтық қылмысына қатысы барын анықтады. Яғни жәбірленушілерге "қайтарымсыз грант алып беремін" деп әрқайсысынан 200 мың теңгеге жуық қаражат алған.

Келтірілген шығын 900 мың теңгеге жуықтайды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181789-turkistan-oblysynda-tanysyn-arzan-altyn-aldyramyn-dep-san-soqtyrgan-aiel-anyqtaldy/