Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстандағы әскерде әлімжеттік жоқ": Қарулы күштер өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әскери қызметші
Әскери қызметші. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарулы күштер департаменті бастығының орынбасары журналистің әскердегі әлімжеттік туралы сұрағына оның Қазақстан армиясында жоқ екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазіргі уақытта әскерде "дедовщина" деген ұғым жоқ екенін түсініп, тек бір шақырылымның өкілдері әскери қызмет атқарып жатқанын ескеру керек.

18 жаста адам әскерге психологиялық тұрғыдан қалыптасқан тұлға ретінде келеді деп есептеймін. Ал қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдардан бір жылдың ішінде өз елінің патриоты болуын талап ету артық талап деп ойлаймын. Ал біз осы патриотизмді мектептен бастап, жоғары оқу орындарында, бүкіл қоғам болып тәрбиелеуіміз керек.

Бұл "дедовщина емес" бұл әскери тәртіпті бұзу, қолданыстағы ережелерді сақтамау", - деді Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров.

Айта кетейік, қыркүйек айында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қарамағындағыларға әскердегі әлемжеттікке жол бергені үшін сөгіс жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181933-qazaqstandagy-askerde-alimzhettik-zhoq-qaruly-kushter-okili-zhauap-berdi/