Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Жарияланған күні:

Көліктер
Кортеж ұйымдастырған көліктер. Видеодан кадр: polisia.kz

Түркістан облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Түркістан облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті патрульдеу қызметтерінен бөлек, әлеуметтік желілерге де тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.

Осындай кезекті бақылау кезінде полицейлер бірқатар заңбұзушылықты анықтап, оны жасаған жүргізушілерді шұғыл тауып, жауапқа тартты. Нақтырақ айтсақ, патрульдік полиция тобының назарына Алматы – Ташкент – Термез тасжолында кортеж ұйымдастырған бірнеше көлік ілікті.

Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы жол ережесін бұзып, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтірген көліктерді іздестірді. Нәтижесінде бейнежазбадағы 2 бірдей Mersedes-Bens көлігінің жүргізушілері анықталды. Бұл екі жүргізуші Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты.

Жол қозғалысы ережесін бұзған көлік тізгіндеушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жас жігіттерге хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, бейнежазбадағы басқа да көлік жүргізушілерін тез арада тауып, жауапқа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер жүргізушілерге жолда абай болуға және жол ережесін қатаң сақтауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181956-turkistan-oblysynda-zhol-erezhesin-oreskel-buzgan-zhurgizushiler-zhauapqa-tartyldy/