Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жер сілкінісі. Фото
Жер сілкінісі. Фото: Petrovich9/Getty Images

Алматыдан 258 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Мұны Алматы облысының тұрғындары да сезді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан.

2 балдық жер дүмпуін Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдары (таулы аймақтар) тұрғындары сезді.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды ұсынды:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182070-qazaqstannyng-ongtustik-shygysynda-zher-silkindi/