Петропавлда жасөспірім төбелестен соң ауруханаға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Петропавлда 17 жастағы жасөспірім төбелестен соң ауруханаға түсіп қалды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төбелес туралы ақпарат 2 қараща күні сағат 19:00-де түскен. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары шыққан. Жанжал салдарынан Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғыны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталды.
Жасөспірімнің ата-анасын бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Жеткіншек профилактикалық есепке алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182308-petropavlda-zhasospirim-tobelesten-song-auruhanaga-tusip-qaldy/