Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайты хабарлайды.
Синоптиктер мәліметінше, 4 қараша түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
4 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Ал күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады.
4 қараша күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Ал түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
4 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Ал күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
4 қарашада Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
4 қарашада күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оның күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182320-elimizding-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/