Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент прокуратурасы Telegram-да есірткі заттарын жарнамалайтын 18 арнаны бұғаттады

Жарияланған күні:

Telegram
Telegram. Фото: Carl Court/Getty Images

Шымкент қаласының прокуратурасы есірткі заттарын заңсыз жарнамалау деректерін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Бас прокуратурасының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалаушы органның мәліметіне сүйенсек, Шымкент қалалық прокуратурасы Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген.

Нәтижесінде олар Telegram-да есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын арналарды анықтаған. Осылайша "Кибернадзор" жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 арна бұғатталған.

Шымкент қалалық прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182455-shymkent-prokuraturasy-telegram-da-esirtki-zattaryn-zharnamalaityn-18-arnany-bugattady/