Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоқысқа тасталған: полицейлер қоқыста жатқан елтаңбалар түсірілген видеоға түсінік берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қоқысқа тасталған елтеңбалар
Қоқысқа тасталған елтеңбалар. Видеодан кадр: instagram/ile_krai

Желіде Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі қоқыста жатқаны түсірілген видео жарияланды. Бұл дерек бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы ile_krai парақшасында жарияланды. Жазба авторы Талғар ауданы Еркін ауылында мемлекеттік рәміздер қоқысқа тасталғанын айтқан.

"Бұл заңды бұзып қана қоймайды, елімізге және оның рәміздеріне деген құрметке нұқсан келтіретін және қорлайтын әрекет", - дейді видеоны жариялаған автор.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне мемлекеттік рәміздерді қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Талғар аудандық полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажет жедел шараларды қолға алды, кінәлілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылады", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, былтыр жазда Талдықорғанда мемлекеттік тудың жыртылып тұрғаны видеоға түсірілген болатын. Кадр әлеуметтік желілерде пайда болды. Қала әкімдігі тудың ауа райының қолайсыздығынан жыртылғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182520-qoqysqa-tastalgan-qoqysta-zhatqan-eltangbalar-tusirilgen-videoga-politseiler-tusinik-berdi/