Қарағандыда іздеуде жүрген бұрынғы полиция басшысы ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомІздеу жарияланған Қарағанды облысы полиция департаменті Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рүстем Құлкеев ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, ІІМ ТЖД жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Рүстем Құлкеев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Ол 2023 жылы Ішкі істер бөлімінен теріс себептермен Қарағанды облысының полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы қызметінен босатылды. Ішкі істер министрлігі өз қатарындағы кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік туралы өзінің принципті ұстанымын білдіреді және оларды жою бойынша жұмысты жалғастырады", - делінген хабарда.
Еске сала кетейік, бұған дейін желіде қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған Қарағанды облысыд ІІД Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рүстем Құлкеевтің тергеуден жасырынғандығы туралы ақпарат пайда болған еді.
Кейінірек Қарағанды облысы ІІД Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рүстем Құлкеевке іздеу жарияланғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182704-qaragandyda-izdeude-zhurgen-buryngy-politsiia-basshysy-ustaldy/