Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полиция ақпаратынша, бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.
"Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182743-ishki-ister-ministrliginde-zhanga-departament-quryldy/