"МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі бұқтырылған етке қатысты пайдалы ақпарат берді
Жарияланған күні:
Бүгінгі "Ас үйге арналған пайдалы кеңестер" айдарында біз дұрыс бұқтырылған етті нашар өңделген жартылай фабрикаттан қалай ажыратып, таңдауға болатыны туралы айтамыз. Оның құрамына қажетті ақпаратты қайдан алуға болады және сапасы төмен өнімді сатып алған жағдайда не істеу керек? Бұл туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілдері хабарлады.
Бұл айдарда бұқтырылған ет нарығына сарапшы бағасы беріліп, өзіңізді арзан контрафактілік өнімдерден қалай қорғауға болатыны туралы айтылады.
Бұқтырылған еттің ерекшелігі
Бұқтырылған ет – герметикалық жабық тұтыну ыдысындағы (шыны, металл банкі немесе фольгадан жасалған қаптамадағы) ұзақ бұқтырылған және стерильденген (кейде пастерленген) ет. Консервілер – бұл суықтай да, қыздырып та жеуге болатын тұтынуға толықтай дайын тағам. Көп жылдар бойы бұқтырылған ет көптеген ел халқының сүйікті пайдалы тағамдарының бірі болды. Бұл өнімнің дәмі көп адамға бала кезден таныс. Тағамдық құндылығы мен ұзақ сақтауға болатын мерзімінің арқасында бұқтырылған ет қазақтың да, басқа көршілес елдер армиясының да рационында өте танымал болды. Оны сапарларға да алып шығады, сәлемдемемен туыстарына да жібереді және дәмді де тойымды түскі асты тез дайындау үшін үйде де сақтайды.
Ішкі нарықтағы қазіргі жағдайға келетін болсақ, қазіргі нақты жағдайда бұқтырылған еттер дәміне, сақтау тәсіліне, қаптамасы мен тіпті, қолданылған етіне қарай да әртүрлі болып келеді. Бұл әртүрліліктің ішінде сиыр етінен, доңыз етінен және жылқы етінен жасалған бұқтырылған еттердің классикалық түрлерін атап өтуге болады. Сондай-ақ құс пен басқа жануарлардың еттері де кездеседі. Сол сияқты әртүрлі көкөніс ингредиенттерін қосып бұқтырылғаны (соя, бұршақ және т.б.) да бар.
"БАЛТПРОММЯСО" Калининград ет комбинаты" ЖШС (өндірілген күні 03.11.2020 ж., жарамдылық мерзімі 03.11.2024 ж.) шығарған, "Говядина HD" құрамында еті бар консервісінің мысалында толығырақ қарастырайық.
"Биыл сарапшылар мен "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі бұқтырылған ет өндірушілер сегментін жанап өтті. Ет өнімдерінің 20-дан астам үлгілері мен түрлері микроскоппен егжей-тегжейлі зерттелді. Молекулярлық сараптаманың мәліметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жария еттік.
Отандық азық-түлік нарығы кейде қымбат, кейде өте арзан азық-түлік өнімдерінің алуан түрлілігінен тұншығып жатыр. Бірақ бұл сегментті, қалай болғанда да, реттеу керек. Әйтпесе қазақстандық тұтынушы сол бұқтырылған тағамның қауіпті түрлерінен зардап шегуі мүмкін", – дейді қоғамдық бірлестік өкілі Жанна Биятан.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны зертханалық зерттеу нәтижелерімен танысуға мүмкіндік берді.
"ДН Animal Ident Pig HS" бірегей сынақ жинағы арқылы ет өнімдерінің ең қарапайым банкісының өзінде молекулярлық-генетикалық әдіспен доңыз етінің ДНҚ-сын анықтауға болатыны белгілі болды", – деп атап өтті Жанна Биятан.
"Мақсатты құрамдас бөлікке қатысты доңыз етінің ДНҚ үлгісінен алынған материал анықталды", – делінген "Говядина HD" құрамында еті бар консервісін зерттеу нәтижелері бойынша зертхана берген 2024 жылдың 24 қыркүйегіндегі № 837/591 хаттамасында.
Құрамында еті бар консервілер – рецепті бойынша ет ингредиенттерінің массалық үлесі 5,0%-дан 60,0%-ға дейінгі аралықта ет емес ингредиенттерді пайдалана отырып дайындалған консервілер. Өнімнің тұтынушылық қасиеттеріне қатысты жаңылыстыруға жол бермеу үшін өндіруші өнімді өндіруде қолданылатын ингредиенттердің бүкіл құрамын шынайы көрсетуге міндетті.
Сарапшының айтуынша, бұл жеңсік ет тағамының осы санатына қатысты жүргізілген соңғы зерттеу емес, қоғамдық ұйым азық-түлік нарығында қауіпсіз және сапалы контент құруды әрі қарай жалғастырады.
"Біз жүргізіп жатқан ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары қазақстандық тұтынушыға нарықта ұсынылған азық-түлік өнімдерінің ішінен қауіпсіздік, сапа мен бағаның ең оңтайлы теңгерімін таңдауға мүмкіндік береді. Өйткені біздің болашағымыз сапалы азық-түлікке байланысты.
Қазіргі таңда қоғамдық бірлестік өнімдерге 500-ден астам зертханалық зерттеулер жүргізді. Олардың әрқайсысы бойынша нәтижелер хаттамалармен ресімделеді. Біз қазақстандық нарықты жақсартуға және салауатты бәсекелестік үшін жағдай жасауға бағытталған қызметімізді одан әрі жандандыруды жоспарлап отырмыз", – деп қосты Жанна Биятан.
Стандарттар мен заң талаптары
МемСТ 13534-2015 ет консервілеріне және құрамында ет бар тағамдарға белгілі бір талаптарды белгілейді.
Төмендегідей:
- түбі мен қақпақтары ісінген (қампиған);
- банкілердің түбінің немесе қақпақтарының дөңестігі, ол бір шетінде жоғалып, екінші жағынан бір мезгілде пайда болып, өзіне тән шырт еткендей дыбысты ("шартылдақ") тудырады (ескерту: "шартылдаққа" металл ыдыстағы консервілер кірмейді, оларда банкілердің шеттері дөңес, саусақпен басқанда жоғалады ("шет жақтары дірілдейтіндей");
- банкіден өнімнің аққан іздері (дақтары);
- тот немесе коррозия;
- тілдер, ашық тістер, астыңғы жағы кесілген, жалған немесе жайма жапсар түріндегі дұрыс жасалмаған жапсарлар;
- консервілер корпусының, түбінің, қатпарларының және саңылау жапсарларының өткір жиектер түріндегі деформациясы («құстар») сияқты ақаулары бар өнімдердің банкілері сатуға рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 30-бабы негізінде сатушы (дайындаушы) техникалық регламенттерде, стандарттау құжаттарында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн, жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен тауарды сатса, оның қолданылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерiнің, пломбаларының, затбелгісінің сақталмағанына қарамай, сатып алынған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде тұтынушыға сатып алынған өнімнің ақшасын қайтаруы тиіс.
Тәжірибелі тамақтанушылардың кеңестері
Егер сіз бұқтырылған етті сатып алуды ойласаңыз, өнімнің қаптамасындағы ақпаратты, жарамдылық мерзімін және ыдысының тұтастығын мұқият қарап шығыңыз. Консервіні ашқаннан кейін еттің хош иісі мен сыртқы түріне қатысты күдік туса, дереу OZPP.KZ Instagram парақшасына – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ сілтемесі немесе 87054222739 телефоны арқылы кеңес алуға хабарласыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182887-motqqq-qb-okili-buqtyrylgan-etke-qatysty-paidaly-aqparat-berdi/