Қораптағы бұқтырылған ет
Жарияланған күні:
Ет консервілері ересектерге де, балаларға да оңай әзірленетін және қолжетімді деликатес болып саналады. Қалай болғанда да, әр банкінің ішінде сізді тосынсый күтіп тұруы мүмкін. Шынында да, көбінесе қарапайым еттің орнына сізге доңыз етін беріп жіберуі мүмкін.
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқару Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны зертханасы мен "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі сіздің сүйікті бұқтырма етінің құрамындағы кез келген ингредиенттерді анықтап береді.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Петропавл қаласындағы дүкендерінің бірінен ет консервілерін сатып алды. Бірлестік сарапшысы Жанна Биятан кешенді зерттеу нәтижелерін айтып берді.
2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 837/596 азық-түлік өнімдерін зерттеу хаттамасына сәйкес, "Мясной союз" ауылдың бұқтырылған сиыр еті" ет-өсімдік консервілері" үлгісіндегі, шығарылған күні – 2024 жылғы 30 шілде және жарамдылық мерзімі – 2027 жылғы 30 шілде шикізат құрамынан сәйкессіздік анықталды:
"Құжатта мақсатты компонентке қатысты доңыз етінің ДНҚ үлгісінен алынған материал табылғаны айтылған. Яғни, сиыр етінің өзінен бөлек, құрамында басқа да ауылшаруашылығы жануарының ДНҚ-сы бар. Бұл осы ет-өсімдік консервілерін өндіру кезінде өндіріс технологиясының бұзылғанын көрсетеді. Таңбаламасында мәлімделмеген компоненттердің, оның ішінде жануарлардың еті мен басқа да ингредиенттердің табылуы тұтынушыны өнімнің құрамына қатысты жаңылыстыруға әкеп соғады", - дейді сарапшы.
Осыған ұқсас "кемшілігі" бар тағы бір үлгі "Мясной союз" бұқтырылған тілікті сиыр еті ет-өсімдік консервілері өнімі болды, шығарылған күні – 2024 жылғы 4 шілдң және жарамдылық мерзімі – 2027 жылғы 4 шілде.
2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 837/597 хаттамалық шешімімен өнімдерде доңыз етіне ұқсас ДНҚ бар екендігі тіркелген. Сонымен қатар өндіруші бұқтырылған шошқа етінің бар екенін көрсетпеді, бұл – бұзушылық.
Қоғамдық бірлестік өкілі атап өткендей: "Көптеген тұтынушылар бұқтырылған сиыр еті мен бұқтырылған ет арасында үлкен айырмашылық бар екенін біле бермейді. Демек, бұқтырылған сиыр еті – ет консервілері болса, бұқтырылған ет құрамында ет емес, соя ақуызы мен суы басым болатын ет-өсімдік консервілері болып саналады".
Ішкі нарықты сапасыз және қауіпті өнімдерден қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінде:
- өнімнің тұтынушылық қасиеттеріне немесе сапасына қатысты бұрмалаушылық немесе тұтынушыларды өзге де алдау;
- Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзу;
- техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару;
- техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес растау немесе сәйкестікті растау құжаттарынсыз өнімді айналымға шығару;
- тауардың шығарылған елі, өндірушісі, жеткізушісі немесе сатушысы туралы мәліметтерді немесе тауарға қатысты қазақ және орыс тілдеріндегі сенімді және жеткілікті ақпаратты қамтитын құжаттарсыз тауарды сату;
- сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шыққан жері, өндірушілер, тұтынушылық қасиеттері, кепілдік міндеттемелері және шағымдарды беру тәртібі туралы қажетті ақпаратты бермеу үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қоғам белсенділері хабарлайды!
Кәсіпкерлер үшін азық-түлік өнімдерін өндіруде техникалық регламенттер мен технологиялық процестердің талаптарын сақтау тек міндеттеме емес, тұтынушылардың сенімін ақтауға мүмкіндік беретінін түсіну маңызды. Өнім туралы ақпараттың ашықтығы табысты бизнестің кілті болып саналады, ал бұзушылықтар қаржылық шығындарға және беделді жоғалтуға әкелуі мүмкін. Сарапшылар сонымен қатар бұқтырылған тағамның сыртқы түріне, құрамына, хош иісіне және дәміне назар аударуға кеңес береді.
Ет консервілерін таңдағанда оның таңбаламасымен танысу керек және қаптаманың бүтіндігін тексеріңіз. Металл ойық болмауы керек, себебі мұндай ақаулар зиянсыз емес: банкінің ішкі беті зақымдалып, одан улы заттар шығуы мүмкін. Егер банкіде тот іздері немесе қақпағы ісінген болса, онда мұндай консервілерді сатып алмаған дұрыс. Кез келген ет өнімі банкіні ашқаннан кейін тексерілуі керек. Жоғары сапалы консервілерде тері, қабық, шеміршек немесе сүйектер болмауға тиіс. Табиғи, жоғары сапалы бұқтырылған ет, сондай-ақ ет бар жердегі май мен сұйықтық ерекше ашық түсті болмауы қажет. Ашылған консервілердің иісі тәбетті жаратындай болуы тиіс. Сапалы өнімнен ет пен дәмдеуіштердің ғана иісі шығады. Дәмін көргеннен соң тек жағымды дәм ғана қалуы керек. Егер бөтен дәмдер байқалса, бұқтырылған тағамның құрамы тым тұзды немесе дәмдеуіштермен қаныққан болса, бұл өндірушінің сапасыз өнімді жасыру әрекеті екенін жоққа шығармайды.
Оқырмандарға арналған анықтама:
Кеден одағының "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті 034/2013 төмендегідей ұғымды береді:
Консервіленген ет өнімдері – микробиологиялық тұрақтылықты және өміршең патогендік микрофлораның болмауын қамтамасыз ететін, стерилизацияға немесе пастерлеуге ұшыраған, герметикалық жабылған тұтыну ыдысындағы ет өнімдері, ұзақ уақыт сақтауға жарамды.
Ет өнімі – ет емес ингредиенттерді қолданып немесе пайдаланбай өндірілетін және ет ингредиенттерінің массалық үлесі 60 пайыздан асатын ет өнімі.
Ет-көкөніс өнімі – өсімдік тектес ингредиенттерді пайдалана отырып дайындалған және ет ингредиенттерінің массалық үлесі 30-дан 60%-ға дейін қоса алғанда, құрамында ет бар өнім.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram-дағы OZPP.KZ сілтемесі – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласа алатыныңызды ескертеміз.
Бұл кеңес беру сипатындағы ақпарат жарнама болып табылмайды. Зерттеу нәтижелері туралы барлық ақпарат "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің келісімімен таратылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182911-qoraptagy-buqtyrylgan-et/