Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте кәмелетке толмаған есірткі жасырушылар ұсталды

Жарияланған күні:

тәртіп сақшысы
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды. Олар Түркістан облысының тұрғындары.

Күдіктілер әр "закладка" үшін бір жарым мың теңгеден алған. Ұстау барысында олардан "мефедронның" жүзден астам дозасы тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 10 кг синтетика тәркіленді.

"Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын, ескертеміз. Ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырамыз", – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182956-shymkentte-kameletke-tolmagan-esirtki-zhasyrushylar-ustaldy/