Түркістан облысында мас халде екінші рет көлік басқарған азамат ұсталды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында мас халде екінші рет көлік басқарған азамат ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, Түлкібас ауданының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет атқару барысында кешкі сағат 20:30 шамасында жүрісі күдік тудырған Subaru маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатқан.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушінің құжаттарын тексеріп, медициналық куәландырауға жеткізді.
Артынша жүргізушінің бұл уақытқа дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Медициналық сараптама 38 жастағы ер азаматтың мас халде болғанын растады.
"Яғни, жүргізуші бұған дейін құқық бұзып, көлік жүргізу құқығынан айырылса да, одан қорытынды шығармаған. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде",- делінген Түркістан облыстық ПД Instagram-дағы парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182959-turkistan-oblysynda-mas-halde-ekinshi-ret-kolik-basqargan-azamat-ustaldy/