Түркістан облысында биыл 900-ге жуық азамат "қандас" мәртебесін алған
Жарияланған күні:
Түркістан облысында биыл 900-ге жуық азамат "қандас" мәртебесін алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ӨКҚ мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Түркістан облысына 472 отбасыны құрайтын 875 этникалық қазақ қоныс аударған.
"Нәтижесінде оларға "қандас" мәртебесі берілген. Оның ішінде, Өзбекстаннан 853, Тәжікстаннан 11 және басқа мемлекеттерден 11 адам көшіп келген.
Қоныс аударған этникалық қазақтардың 345-і Сарыағаш ауданына, 138-і Ордабасы ауданына, 121-і Қазығұрт ауданына, 119-ы Келес ауданына, 73-і Сайрам ауданына, 24-і Жетісай ауданына, 14-і Түлкібас ауданына, 23-і Мақтарал ауданына, 13-і Түркістан қаласына және 5 адам басқа аудан-қалаларға қоныстанған.
Этникалық қоныс аударушылардың 498-і еңбекке жарамды. Оның ішінде жалдамалы жұмысшылар 17, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 175, жұмыссыздар немесе жұмыс іздеушілер 154 және басқа да санаттағылар 152 адам", - делінген ӨКҚ Instagram-дағы парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182961-turkistan-oblysynda-biyl-900-ge-zhuyq-azamat-qandas-martebesin-algan/