ТЖМ жер сілкінісі кезінде не істеу керек екенін айтты
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде жасалуы керек 10 қадамды жазып шықты. Бұл туралы ТЖМ-нің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлайды.
Жер сілкінісі кезінде жасалуы керек қарайым 10 қадам:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабатта болсаңыз) - көп қабатты үйде болсаңыз, жер сілкінісі аяқталған соң шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігінше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындап алу қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183075-tzhm-zher-silkinisi-kezinde-ne-isteu-kerek-ekenin-aitty/