Жер сілкінісінен кейін Талғардағы мектептерде сабақ тоқтатылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомТалғар ауданында бүгін таңертең болған жер сілкінісінен кейін мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облысының білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның баспасөз қызметі мектептердегі сабақтардың тоқтатылғанын, ал балабақшаларда ата-аналардың қалауы бойынша тоқтатылатынын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі, 5 қарашада Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді. Төтенше жағдайлар министрлігі жерасты дүмпулері Алматы облысында да сезілгенін хабарлады.
Кейін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқанын хабарлады. Жер сілкінісі Талғар мен Есік қалаларында қатты сезілген.
Алматы қаласы ТЖД "Қазселденқорғау" мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар аумақтарды тексеру үшін мониторинг жүргізгенін хабарлады.
Сондай-ақ оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаменті бүгін жер сілкінісі кезінде дабыл жүйесінің неліктен жұмыс істемегенін түсіндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183141-zher-silkinisinen-keiin-talgardagy-mektepterde-sabaq-toqtatyldy/