"Талғарлық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" деп танылған Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русском"Талғарлық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" деп танылған Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство өкілдері қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"2021 жылғы маусымда азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікпен бес күдікті ұсталып, олар Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен айыпты деп танылып, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 2024 жылғы 2 қарашада К. ұсталды, сот шешімімен "Қамауға алу" бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген ведомство хабарламасында.
Полиция қамауда ұстау мерзімі 2 ай екенін, содан кейін қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін екенін атап өтті.
Іс материалдары бұлтартпау шарасын қолдану үшін сотқа жіберілген.
Еске салсақ, 4 қарашада желіде "Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдіріп, 2024 жылғы 2 қарашада азамат К. 2021 жылдың маусым айында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Артынша Алматы облысының полиция департаменті өкілдері "талғарлық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі" делінген ер адамның ұсталуына қатысты тың мәліметтер жариялады.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне Хасан К. жетекшілік ететін "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобының қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Бұрын Алматы облысы полиция департаменті басшысы қызметін атқарған Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов бұл деректерді жоққа шығарып, "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобы жоқ екенін айтты.
"Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобына келетін болсақ, бізде мұндай атпен тіркелген бірде-бір топ жоқ", - деген еді Әленов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183207-talgarlyq-uiymdasqan-qylmystyq-toptyng-zhetekshisi-eki-aiga-qamauga-alyndy/