Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жақын арада тағы жер сілкінуі мүмкін бе: ТЖМ өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматы қаласы
Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйі. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Желіде алматылықтар "жақын арада аймақта жер сілкінуі мүмкін деген" қауесетті қызу талқылап жатыр. Бұл ақпаратқа Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері жауап берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мессенджерлерде алматылықтар мен облыс тұрғындары арасында "жақын арада жер сілкінісі қайталануы мүмкін" деген ақпарат тарап жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері бұл ақпаратқа пікір білдірді.

"Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ғылыми орталығы мәліметтері бойынша, жыл соңына дейін күшті жер сілкінісі болжанып отырған жоқ. Ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, 5 қарашада Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жер сілкінгенін хабарлаған едік.

Кейіннен ТЖМ жер сілкінісі кезінде не істеу керек екенін айтты.

Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында жер асты дүмпуі нақты қай аудан-қалаларда сезілгені жөнінде мәлімет жариялады.

Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан. Алматы облысының Талғар және Есік қаласында 5 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де 4 балдық жер сілкінісі тіркелді.

ТЖМ ақпаратынша, Алматы облысының Талғар қаласында қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер сілкінісіне байланысты Алматы облысының білім басқармасының баспасөз қызметі Талғар және Есік қаласында осы қалалардағы мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылғанын мәлім етті.

Артынша Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына үндеу жасап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183358-almatyda-zhaqyn-arada-zher-silkinui-mumkin-be-tzhm-okilderi-zhauap-berdi/