Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның бірқатар аймағында күн суытады

Жарияланған күні:

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

6 қарашада күндіз Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда 6 қарашада күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.

6 қарашада түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 06 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с.

Оралда 6 қараша түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанайда 6 қарашада күндіз кей уақытта қатты қар, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

6 қарашада Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі.

Қызылордада 6 қарашада жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

6 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Өскеменде 6 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183436-qar-zhangbyr-koktaigaq-qazaqstannyng-birqatar-aimaqtarynda-kun-suytady/