Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық тасымалдаушы сатып алмақ: министрлік өкілі мәміле қашан аяқталатынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Алматыда өткен өңірлік семинарда көлік вице-министрі Талғат Ластаев вьетнамдық тасымалдаушының Qazaq Air әуе компаниясын сатып алуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ластаевтың айтуынша, мәміле жыл соңына дейін аяқталады.
"Келіссөздерді басшының өзі – көлік министрі жүргізеді", - деді Талғат Ластаев.
Ол сондай-ақ Қазақстанның әуе кеңістігі транзиттік рейстерге қолайлы екенін, оның ішінде Ресейдің үстінен ұшатын авиакомпаниялар да бар екенін айтты.
"Бізде транзиттік рейстер көбейеді. Бізде бұл үшін барлық инфрақұрылым бар. Қазір біз оны жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қайта құру бойынша тиісті жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл тұрғыда Қазақстан тартымды, өйткені Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік жолдар біздің үстімізден өтеді", - деді Ластаев.
Ол 2022 жылдан бері транзиттік әуе тасымалы екі есе өскенін айтты.
Еске салайық, былтыр тамыз айында Qazaq Air әуе компаниясы акциялары жекешелендіруге қойылған болатын. "Самұрық-Қазына" қоры компанияның акциялары сатылатынын хабарлаған болатын. Акциялардың бастапқы және ең төменгі бағасы 10 миллиард 200 миллион теңге болды.
Алайда қараша айында конкурс жарамсыз деп танылды. Сонымен қатар әуеакомпанияны вьетнамдық лоукостер сатып алуы мүмкін екені айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183711-qazaq-air-aue-kompaniiasyn-vetnamdyq-tasymaldaushy-satyp-almaq-kolik-ministrligi-okili-mamile-qashan-aiaqtalatynyn-aitty/