Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сіз сатып алып жүрген сағыздар қауіпсіздік талабына сай келе ме

Жарияланған күні:

Қыз сағызды үрлейді
Көрнекі фото: ru.freepik.com

Сағыз – қазақстандық тұтынушылар, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында танымал өнім. Дегенмен жағымды дәм мен түрлі-түсті қаптамаға ұмтылу кезінде көптеген адамдар қауіпсіздік пен заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін өнім таңбаламасының маңыздылығын ұмытуы мүмкін, деп хабарлайды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өкілдері.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қытай өнімдері: азық-түлік сатып алғанда не нәрсеге мән беру керек

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) тұтынушыларға саналы таңдау жасауға және денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін болатын жағдайлардың алдын алу үшін Қазақстанда сатылатын тауарлар бойынша зерттеу нәтижелерін бөлісуді жалғастыруда.

Сағыз сүт немесе нан сияқты қажетті өнімдердің бірі болмаса да, көптеген қазақстандықтың, әсіресе, балалардың рационында маңызды рөл атқарады. Сондықтан стандарттар мен заңнаманы сақтау арқылы бұл өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету өндірушілердің де, сатушылардың да міндеті.

Crazy Roll Bubble Gum Қазақстан Республикасының заңнамасында және Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келе ме?

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚҚБ) сарапшылары анықтады.

2024 жылдың шілде айының басында "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі Павлодардағы дүкендердің бірінен Crazy Roll Bubble Gum сағызының бір бумасын сатып алды. Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары аясында өнімдер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына сараптамаға ұсынылды.

Crazy Roll көпіршікті сағыз
Фото: Биятан Жанна

2024 жылғы 17 шілдедегі №РО-24-03468/233 хаттамасында тіркелген зерттеу нәтижелері техникалық регламенттер талаптарына қатысты бірқатар сәйкессіздікті көрсетті, мысалы, таңбламасындағы негізгі ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде берілмеген (бұл сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" және ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңдарында белгіленген екі тілді таңбаламаға қойылатын талаптарға сәйкессіздік болып табылады), мысалы:

  • Тағамдық өнімнің атауы, оның саны (салмағы, көлемі) және құрамы туралы: мысалы, өнімнің құрамы туралы ақпарат болмаса, арнайы диетаны ұстанатын адамдар (вегетариандық, халал немесе кошер өнімдерін ұстанатындар) бұл тамақ өнімдері тұтынуына болатынын анықтай алмайды;
  • Сақтау шарттары мен тағамдық құндылық көрсеткіштері туралы, бұл тұтынушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, себебі өнімді дұрыс емес жағдайда сақтау оның бұзылуына әкелуі мүмкін;
  • Тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері бойынша – Отаны жоқ өнім Қазақстан Республикасы аумағында сатылмауы тиіс;
  • Өнімді пайдалану бойынша ұсыныстар мен шектеулер туралы, бұл ақпаратсыз тұтынушылар, әсіресе, балалар, мысалы, сағызды тым ұзақ шайнауы мүмкін, бұл шайнау бұлшықеттерінің шаршауына, тіс эмалына немесе пломбасына зақым келтіруі ғажап емес, сондай-ақ бұл асқазан сөлі секрециясының жоғарылауын тудырып, әсіресе гастрит немесе ойық жара сияқты асқазан-ішек аурулары бар адамдар үшін зиянды саналады;
  • ГМО көмегімен алынған компоненттердің бар-жоғы, бұл тұтынушылардың, әсіресе, тағамның сапасын қадағалайтындардың және құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер бар өнімдерден бас тартқанды қалайтындардың алаңдаушылығын тудырады;
  • Өндірілген күні және жарамдылық мерзімі: тұтынушылар өнімнің қаншалықты жаңа екенін немесе қашан тұтынуға қауіпсіз екенін анықтау мүмкіндігіне ие емес;
  • Өнімнің қауіпсіздік стандартына сәйкестігіне міндетті сынақтан өтпегенін көрсететін ЕАС белгісі (Кеден одағы елдерінің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі) жоқ;
  • Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ – техникалық регламент бабының 4.1-бөлігі 1-тармағында көзделгендей, тамақ өнімдерінің қаптамасындағы таңбалама орыс тілінде және мемлекеттік тілде қолданылуы тиіс.
  • Қаптамада азық-түлік өнімдерінің таңбаламасы үшін қажетті белгілер мен пиктограммалар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзатын пайдаланылған қаптамаларды қайта өңдеу мүмкіндігі туралы ақпарат жоқ.
  • Қолданылған қаптаманы қайта өңдеу мүмкіндігі туралы ақпаратты қамтуы тиіс Мебиус ілмегі жоқ.

Бұл ретте сағыз құрамындағы микробтарды, ашытқыларды және зеңдерді анықтау бойынша жүргізілген зерттеулерде ауытқулар анықталмағанын хабарлаймыз (2024 жылдың 9 шілдесіндегі № РО-24-03465/831 хаттама).

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Алибекова Алия бұл өнімдегі талаптарға сай келмеудің негізгі аспектілерінің бірі – екі тілдегі таңбаламаның жоқтығы екенін атап өтіп, былай деп қосты: "Өндірушілер мен кәсіпкерлер өнімдерді дұрыс таңбалауды, құрамы, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары туралы толық ақпарат беруді ұмытпауы керек. Бұл клиентке қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар бизнесті ықтимал айыппұлдар мен санкциялардан қорғау болып табылады. Техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес, таңбаламадағы сәйкессіздіктер үшін қомақты айыппұлдар қарастырылған, сондай-ақ, өнімдерді нарықтан алу да мүмкін.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларды ақпараттандыру – тұтынушылардың хабардарлығын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектеседі. Әрбір тұтынушы сатып алатын өнімдер туралы толық ақпарат алуға құқылы. Бұл, әсіресе, балаларға арналған өнімдерде өте маңызды, өйткені олардың ағзасы тағам сапасына сезімтал".

Бұл материалды тұтынушыларды тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру жобасы аясында дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын қорғау – біздің ортақ міндетіміз екенін еске салады. Тұтынушылар тауарлардың таңбаламасын мұқият тексеріп, қандай да бір бұзушылықтар анықталса, бақылаушы органдарға хабарласуы керек. Өнімдердің таңбаламасын тексеріңіз және олардың қауіпсіздігіне сенімді болыңыз!

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183726-siz-satyp-alyp-zhurgen-sagyzdar-qauipsizdik-talabyna-sai-kele-me/