Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұған ешкім жол бермейді": Аймағамбетов жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы бермеу туралы ұсынысқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: youtube/NartayAralbyuli

Депутат Асхат Аймағамбетов Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы бермеу туралы пікірі негізсіз екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Депутат бюджетті үнемдеуде басқа салаларды қарастыру керек екенін баса айтты.

"Қоғамның ең осал тобы зейнеткерлердің зейнетақысын қысқарту арқылы мәселені шешеміз деу бұл әрине еш ойға қонбайды, тиімсіз шешім. Сондықтан бұған әрине ешкім жол бермейді. Бұл мәселе қазір күн тәртібінде тұрған жоқ. Болғанның өзінде біз бұған қарсы тұра аламыз деп ойлаймыз. Жалпы бюджетті бүгінгі күні үнемдеу керек.

Бірақ оны білім саласы, денсаулық саласы, зейнеткерлер есебінен емес, басқа салалардан қарау керек. Бізде үлкен спорт кешендері, стадиондар салынып жатыр. Мерекелік безендіру дегендер бар, қаптаған форумдар бар. Сыбайлас жемқорлық мәселесі шешілген жоқ. Тіпті болмаса, көлеңкелі экономиканың қаражатын қарайтын болсақ, 15 трилионнан астам жалақының салығы төленіп отырған жоқ.

Сондықтан осы керек емес шығындарды азайту арқылы бюджет шығынын үнемдеуге болады. "Самұрық-Қазына" басқа да квазисекторда қаншама қаражат бар, дивиденттер. Оған қоса салықтық жеңілдікке ие болғандар төлеуге тиіс 9,5 трлн теңге бар. Осылардың бәрін қайтарсақ, бюджеттегі ақша жетеді",- деді депутат.

Аймағамбетов әлеуметтік желіде Жақыпованың отставкаға кетуін талап еткендерге қатысты пікір білдірді.

"Отставкаға кетуі керек деп ойламаймын. Түрлі дискуссия болады ғой. Олар мұны дискуссия ретінде, осындай пікірлер бар деп айттық деп отыр. Егер осындай шешім қабылданған болса, онда басқа мәселе, мұндай сұрақты қоюға болушы еді. Бірақ менің ойымша, министрлік көп жаңа бастамаларды жүзеге асырып жатыр. Мен министрді қорғағым келмейді. Бірақ бір мәселеге қарап, мұндай үлкен сұрақты көтеру дұрыс емес.

"Болашақ зейнеткерлерге де қатысты болуы мүмкін емес. Өйткені Конституцияда кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер қарастырылған. 28-бапты алып қарасақ, мұндай пікірлер негізсіз екеніне көз жеткіземіз. Бұл жай ғана риторика, бұл жай ғана пікірталас", - деді Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183955-bugan-eshkim-zhol-bermeidi-aimagambetov-zhumys-isteitin-zeinetkerlerge-zeinetaqy-bermeu-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/