Аршалы ауданында аграрлық және өнеркәсіптік өндірісі көрсеткіші артты
Жарияланған күні:
Аршалы ауданында өңір дамуының негізгі бағыттары болып табылатын өнеркәсіптегі, астық өндірісіндегі, мал шаруашылығындағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудегі негізгі жетістіктерді талдай отырып, 2024 жылдың 9 айын қорытындылады.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 63 млрд теңгені құрап, өткен жылға 18,3%-ға артты. Нақты көлем индексі 113,7% құрады. "ҚазШпал" АҚ, "Аркада Индастри" ЖШС, "Джамиля" ЖШС, "Цатэк Green Energy" ЖШС, "SG Brick" ЖШС, "Нефрит Голд" ЖШС, "Кабель КТ"ЖШС сияқты ауданның кәсіпорындары өндірістің осы түрін қамтамасыз етеді.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 34 млрд теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 17 млрд теңгені құрап, өткен жылға 24,4%-ға артты. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 17 млрд теңгені құрап, өткен жылға 1,7%-ға азайды. Нақты көлем индексі 166,2% құрады. Облыс өндірісінің жалпы көлеміндегі ауданның үлес салмағы 5,2% құрайды.
2024 жылғы 1 қазанда дәнді және бұршақты дақылдар жиналды және бастырылды 200,9 мың га, бастырылды 240,5 мың тонна орташа өнімділік 12.0 ц / га құрайды, картоп жиналды 0,6 мың га (жоспар бойынша 0,6 мың га) жалпы алым 22,2 мың тоннаны құрайды өнімділік орташа 362,8 ц / га, көкөністер жиналды 0,1 мың га (жоспар бойынша 0,1 мың га) жалпы алым 1,8 мың тоннаны құрайды өнімділік орта есеппен 180,0 ц/га майлы дақылдар (зығыр, мақсары, күнбағыс) 2170 га алқапта жиналды 4 524 га жоспар бойынша өнімділік 10,1 ц/га құрайды.
Шаруашылықтардың барлық санаттары 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 6471,3 тонна ет өндірді, 14,9%-ға ұлғайды, сүт 7905,5 тонна, 1,0%-ға ұлғайды, тауық жұмыртқасы 221,7 млн дана, 13,0%-ға ұлғайды.
Есепті күнге ІҚМ жалпы саны 6,3%-ға немесе 842 басқа артты,оның ішінде сиыр саны 20,3-ға немесе 1149 басқа артты, қой мен ешкі саны 7,9%-ға немесе 2018 басқа артты).
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылға қарай 25,4%-дан жоғары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184002-arshaly-audanynda-agrarlyq-zhane-onerkasiptik-ondirisi-korsetkishi-artty/