Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы: Таразда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жарияланған күні:

Тараздағы жаңа мектеп
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №66 мектептің салтанатты ашылуына қатысты. Білім беру нысаны мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтерді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Жаңа мектеп 1200 орынға шақталған. Бұл Жамбыл облысында ашылған екінші жайлы мектеп. Салтанатты шарада Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, өңірде 12 жайлы мектептің құрылысын жүргізу жоспарланғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында білім ордасы есігін айқара ашып отыр.

Кітапхана
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа оқу жылында дәл осындай білім беру нысаны Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында пайдалануға берілді. Ұлттық жоба оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауымды оқыту мәселесін шешуге бағытталған.

Спорт алаңы
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Біздің мақсат — балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін заманауи, қауіпсіз әрі ыңғайлы орта қалыптастыру, — деді облыс әкімі. Жаңа білім ошағы Бәйтерек (13) шағынауданында орналасқан. Мектепте жайлылық пен қауіпсіздіктің барлық талаптары сақталған. Бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.

Тараздағы жаңа мектеп
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ғимаратта интерактивті тақтасы бар 59 оқу кабинеті, асхана, 2 спорт зал, 2 компьютер, 3 зертханалық кабинет, жайлы кітапханалар, шеберханалар мен коворкинг-орталық қарастырылған. Бұдан бөлек, қосымша білім беру сабақтарын өткізуге арналған кабинеттер бар. Жайлы мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға да толықтай бейімделген.

Музыка сабағы
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бүгін Бәйтерек шағынауданының тұрғындары үшін мерейлі күн. Балаларымыздың бағына орай үйіміздің маңынан жайлы мектеп ашылып отыр. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Заманауи білім ұясын салуға ықпал еткен Президентімізге зор алғысымызды білдіреміз", - дейді көпбалалы ана Ғалия Құланбаева.

Тараздағы жаңа мектеп
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, биыл өңірде 41 білім беру нысанын салуға қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін 15 нысан балалардың игілігіне тапсырылады. 2025 жылы 26 білім ошағының құрылысы қарқын алады деп күтілуде. Сонымен бірге 171 жаңа модификация кабинетін, 3 STEM- зертханасы және 3 робототехника кабинетін алу жұмыстары жүргізілуде. *Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184015-zhaily-mektep-ulttyq-zhobasy-tarazda-zhanga-mektep-paidalanuga-berildi/