Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Депутат қателеседі": Жоғарғы сот өкілі саланы жабық құрылым деп сынаған Абзал Құспанға жауап берді

Жарияланған күні:

Нұрсерік Шәріпов
Нұрсерік Шәріпов фото: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Бұған дейін депутат Абзал Құспан "сот саласы жабық корпорацияға айналып кетті" деп мәселе көтеріп, премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған еді. Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов мұндай пікірмен келіспейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Нұрсерік Шәріповтің сөзінше қазір көп істер онлайн көрсетіледі, бұл сот жүйесінің ашық екенін көрсетеді.

"Депутат Абзал Құспанның сотты жабық коропорация дегенін білемін. Бірақ депутат мырза қателеседі. Абзал Құспан көп жыл бойы тәжірибе жинаған адвокат. Сот саласында заңгер ретінде істерге қатысып, атағы да сот саласында танылған үлкен тұлға. Оны мойындаймыз",- деді Шәріпов.

Деген ол сот саласы жабық корпорация емес деген пікірде. Бұған дәлел ретінде ол резонанс тудырған істерге қатысты сот процестерінің онлайн өтуін келтірді.

"Сот саласы жабық корпорация емес. Басқа мемлекеттік органдармен, күштік органдармен салыстырғанда сот саласының ашықтығы, жариялылығы әлдеқайда жоғары. Мен сіздерге оны ресми түрде айтқым келіп отыр. Сот саласында болып жатқан өзгерістерді талқылау, қоғамда болып жатқан резонанстарды жағдайларды, процестерді онлайн көрсетіп жатыр, ондайды қай мемлекеттік орган жасап жатыр. Қай күштік орган, қай құқықтық орган жасап жатыр? Мен оларға кінә тағып отырған жоқпын. Жалпы айтып жатқан ойым: біз ондай корпорация емеспіз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184398-deputat-qatelesedi-zhogargy-sot-okili-salany-zhabyq-qurylym-dep-synagan-abzal-quspanga-zhauap-berdi/