Астанада қар күреуге 200-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды
Жарияланған күні:
Астанада коммуналдық қызметтер ауысымдық режимде тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әкімдік мәліметінше, 7 қарашада түнгі ауысымға қала көшелерін қардан тазартуға 200-ге жуық жұмысшы мен 300-ден астам арнайы техника шыққан.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар қардан тазартылады.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар өзі аударғыш жүк көлігінің нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 8 қарашада Астанада көшпелі бұлт, қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с.
Әкімдік өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184627-astanada-qar-kureuge-200-ge-zhuyq-zhumysshy-zhumyldyryldy/