Қазақстанда жол жабылғаны туралы ескертуді елемеген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардың кейбір учаскелері уақытша жабылады. Бірақ көлік жүргізушілері бұл шараларды елемесе, айыппұл салынады немесе қамауға алынады. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
2024 жылғы қараша айының басында ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның бірден төрт облысында кейбір бағыттар бойынша жол уақытша жабылды.
Мұндай шаралар азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет, өйткені ауа райының қолайсыздығы олардың өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Ал жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларды қауіпті жағдайдан құтқару керек: мәселен, Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 бала құтқарылды.
Сонымен қатар жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидалары бойынша жолдар жабылғаны туралы хабарламаларды елемеу де әкімшілік жазаға әкеліп соқтырады.
Қанша айыппұл салынады
"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңды талаптарына бағынбау фактілері анықталған жағдайларда көлік құралдары жүргізушілеріне Кодекстің 667-бабына сәйкес шаралар қолданылады" делінген. (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте – ред. ескертпесі).
Кодекстің осы бабында құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің (әскери қызметкердің) және өзге де қызметтердің заңды тәртібіне немесе талабына бағынбағаны үшін жаза қарастырылған.
Осылайша қолайсыз ауа райында тасжолдардың жабық учаскелеріне шыққан көлік иелеріне мынадай шарала қолданылуы мүмкін:
- 110 760 теңгеге тең 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе
- 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.
Алғашқы бұзушылықтан кейін 12 ай ішінде құқықбұзушылық қайталанса, 15-20 тәулікке дейін қамауға алынады.
Бұл ретте қамауға алынбайтын адамдарға (жүкті әйелдер, 14 жасқа дейінгі балалары бар ерлер мен әйелдер, кәмелетке толмаған азаматтар, I және II топтағы мүгедектер, сондай-ақ 58 және 63 жастан асқан әйелдер мен ерлер мен әйелдер) ережені қайта бұзғаны үшін 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Айыппұл алу қаупінен емес, өз қауіпсіздігіңіз үшін республикалық тасжолдарда енгізілген шектеулерді сақтау қажет екенін ескерген жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184731-zhol-zhabylgany-turaly-eskertudi-elemegen-zhurgizushilerge-qansha-aiyppul-salynady/