Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғар қаласы әкімін сайлау күні белгіленді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Талғардағы дау-дамайдан кейін жаңа әкім енді сайланады. Орталық сайлау комиссиясы сайлау күнін жариялады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ОСК сайтындағы мәлімет бойынша, Алматы облысы Талғар ауданы аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Талғар қаласы әкімін сайлау 2024 жылғы 15 желтоқсанға белгіленді.

Дәл осы күні бірнеше өңірде қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері сайланады. Атап айтқанда:

  • Ұлытау облысында Ұлытау ауданындағы Алғабас, Егінді, Мибұлақ және Шеңбер ауылдық округтерінің әкімдері
  • Қостанай облысы бойынша Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округінің, Жітіқара ауданы Пригородное ауылының, Қостанай ауданы Белозер ауылдық округінің және Севастополь ауылдық округінің және Сарыкөл ауданы Маяк ауылының әкімдері сайланады.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат аяусыз соққыдан қаза тауып, кейін оның отбасының үйі өртенген болатын. Бастапқыда Ішкі істер министрлігі бұл іске 10 адам күдікті деп хабарлаған. Алайда кейінірек тағы бір адамның ұсталғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша іс тергеліп жатыр: 99-бап "Қасақана кісі өлтіру", 293-бап "Бұзақылық", 115-бап "Қорқыту", 432-бап "Қылмысты жасыру" және 434-бап"Қылмыс туралы хабарламау".

Талғарда жасөспірім қайтыс болғаннан кейін Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметінен босатылды.

Сондай-ақ қала әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев, Алматы облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров, Талғар аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Нұржан Күнтүнов қызметінен басатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184764-talgar-qalasy-akimin-sailau-kuni-belgilendi/