Екі компания мен 10 қабатты ғимарат: Алматы мен Астанадағы миллиардтаған теңгенің активтері аукционға шығарылады
Жарияланған күні:
Читать на русскомМемлекетке қайтарылған активтер бойынша қарашада аукцион өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияға сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Астанадағы мына активтер аукционға шығарылады:
- тұрғын емес үй-жай (120,8 ш.м) – Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17, 6. Бағалау құны – 84 444 497 теңге (+12% ҚҚС);
- тұрғын емес үй-жай (175,0 ш.м) – Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17, 7. Бағалау құны – 115 748 494 теңге (+12% ҚҚС);
- тұрғын емес үй-жай (121,0 ш.м) – Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17, 8. Бағалау құны – 84 584 305 теңге (+12% ҚҚС);
- тұрғын емес үй-жай (176,1 ш.м) – Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17, 9. Бағалау құны – 116 476 056 теңге (+12% ҚҚС).
Алматы қаласы бойынша:
- 226,9192 га жер телімі, кадастрлық нөмірі – 20:322:041:052. Наурызбай ауданы, Байтақ ықшам ауданы, уч. 1287B. Бағалау құны – 1 832 264 555 теңге;
- "Көктем-2" ықшам ауданы, 2-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар 10 қабатты кеңсе ғимараты. Бағалау құны – 4 377 184 000 теңге (+12% ҚҚС);
- Байтұрсынұлы көшесі, 104А мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимарат: Бағалау құны – 1 822 991 453 теңге (+12% ҚҚС).
Сауда-саттық күні: 22 қараша сағат 10:00.
Сонымен қатар Алматыда 26 қарашада сағат 10:00-де екі актив бойынша сауда-саттық өтеді:
- "Zharkent Su" ЖШС (Түрксіб ауданы) – суды жинау және таратушы кәсіпорын. Бағалау құны – 593 139 151 теңге;
- "Тұлпар" ЖШС (Әуезов ауданы) – жылу энергиясын өндіретін кәсіпорын. Бағалау құны – 991 469 139 теңге.
Аукционға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны төлеп, белгіленген мерзімде өтінімді тапсыру қажет. Аукцион онлайн режимде өтеді.
Еске салайық, 2023 жылғы 12 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойған болатын.
Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізіп, мемлекет крісіне 525 миллиард теңге аударылғанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184881-eki-kompaniia-men-10-qabatty-gimarat-almaty-men-astanadagy-milliardtagan-tenggening-aktivteri-auktsionga-qoiylady/