"Ұлттық алауыздықты қоздырған": қазақстандық әйел TikTok желісіндегі видеосы үшін сотталды
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысының тұрғыны TikTok арқылы әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Соттың ресми сайтында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қалалық сотында Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тергеу органымен Д. ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен айыпталған (яғни әлеуметтiк, ұлттық алауыздықты қоздыру).
"Д. 16 сәуір 2024 жылы "Tik-Tok" әлеуметтік желісінде әлеуметтің және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейтін бейне жазба жариялаған", - делінген сотта.
Прокурор Д.-ны тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды, ҚК-нің 44-бабына сәйкес бүкіл жаза өтеу мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартуды, ҚК-нің 50-бабының 3-бөлігіне сәйкес белгілі бір жария қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыруды сұрады.
Сотталушы Д. өзінің кінәсін мойындамай, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Д.-нің кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен істің басқада құжаттарымен дәлелденді.
Сот, Д.-ға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп танып, ал ауырлататын мән-жайлар анықтамады.
Д. ҚК-нің 174-бабының 1- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. ҚК-нің 50-бабы 3-бөлігіне сәйкес қосымша жаза ретінде белгілі бір жария қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.
ҚК-нің 44-бабына сай, Д.-ға тиісті міндеттер жүктеліп, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184924-ulttyq-alauyzdyqty-qozdyrgan-qazaqstandyq-aiel-tiktok-zhelisindegi-videosy-ushin-sottaldy/