Қазақстанда мүгедектікті сырттай-проактивті форматта белгілеу әдісі қаншалықты сұранысқа ие
Жарияланған күні:
2022 жылдың басынан бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жоба іске асырылып келеді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет. Медициналық ұйымдар тыныс-тіршіліктің шектелуіне әкеп соқтыратын, ауруларға, жарақаттар мен ақауларға байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін медициналық-әлеуметтік сараптама толтырады (№031/е нысан). Содан кейін №031/е нысаны емханадан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы МӘС бөлімдеріне түседі.
Сараптама жүргізу үшін құжаттар МӘС-тің үш экстерриториялық маманына иесіздендірілген түрде жіберіледі.
Сырттай куәландыру процессінің артықшылығы:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды. Бұл ретте, құжаттар комиссияның қарауына түскен кезде олар өтініш берушінің дербес мәліметтеріне қол жеткізе алмайды.
- Қолайлылық және қол жетімділік. Өтініш берушіге МӘС бөліміне келудің қажеті жоқ, бұл әсіресе шалғай аймақтардың тұрғындары немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өте маңызды.
- Өтінімдерді өңдеу жылдамдығы. Ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы өтінімдерді қарау процесі жеделдетіледі.
Тағы бір айта кетерлігі, МӘС мамандары мүгедектік тобы туралы шешім қабылдап қана қоймай, мүгедекті оңалту бойынша жеке бағдарлама әзірлейді. Бұл бағдарлама науқасты жіберген медициналық ұйымның ұсынысы негізінде әзірленеді. Жеке бағдарламаға сәйкес ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар техникалық (қосалқы) оңалту құралдарымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, мүгедектерді сырттай формата белгілеу арқылы бірнеше маңызды мәселелерді шешеді, оның ішінде:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды.
Министрліктің мәліметінше, сырттай форматқа сұраныс артып келуде. Тек 2023 жылы 76,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын (2022 жылға – 57,1 мың өтініш, 22,7%-ды құрады) құрайды.
Дегенмен, бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі. Оның ішінде барлық туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, психикалық аурулар, онкологиялық аурулар, балалардағы бірінші типтегі қант диабеті, балалардағы мукополисахаридоз, ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі жағдай, барлық локализациялардағы туберкулез және т. б.
Жалпы, сырттай куәландыру жөніндегі жобаны іске асыру мүгедектікті белгілеу процесін оңайлату және әлеуметтік қорғау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы оң қадам болып табылады. Министрлік бұл форматты одан да тиімді және сапа мен қауіпсіздіктің жұмыстарын белсенді белсенді жұмыс жүргізуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184935-qazaqstanda-mugedektikti-syrttai-proaktivti-formatta-belgileu-adisi-qanshalyqty-suranysqa-ie/