Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 3000-ға жуық нәрестеге "ана мен бала" дәрі қобдишасы берілмеген болып шықты

Жарияланған күні:

Дәрі және ақша
Дәрі және ақша. Көрнекі сурет: Natalya Sambulova/Getty Images

Шымкент қалалық прокуратурасы перзентханаларда "ана мен бала" дәрі қобдишасын беру заңдылығына талдау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, талдау нәтижесінде үш мыңға жуық жаңа туған нәрестеге перзентханалардан шығару кезінде қажетті дәрі қобдишасы берілмегені анықталған.

Қадағалау актісі негізінде 2763 нәрестенің анасы дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ №2 қалалық аурухананың бас дәрігері ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауаптылыққа және 5 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Айта кетейік, жаңа туған нәрестелерге "ана мен бала" дәрі қобдишасын беру босандыру мекемелерінен шығару кезінде жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184942-shymkentte-ana-men-bala-dari-qobdishasyn-bermegeni-ushin-bas-dariger-zhauapqa-tartyldy/