Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент экс-әкімінің інісінен алимент төлемегені үшін Mercedes көлігі тәркіленді (видео)

Жарияланған күні:

Көлік салоны
Көлік салоны. Видеодан кадр: instagram.com/zhso_astana

Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің інісі Марат Әйтеновтен Mercedes көлігі тәркіленді. Ол алимент бойынша 23 млн теңгеден көп сома қарыз болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана ЖСО өңірлік палатасына сілтеме жасап.

"Жеке сот орындаушысы Н.К.Мұратова үш баласына алимент өндіру бойынша 23 миллион теңгеден астам қарызы жиналған борышкердің автокөлігін тәркілеп, қамауға алды", - делінген ЖСО өңірлік палатасының Instagram-дағы парақшасында.

Хабарламада аталған көліктің балалар алдындағы қарызын өтеу үшін электронды аукциондарда сатылатыны айтылған. Ал тәркіленген көліктің Марат Әйтеновке тиесілі екенін жазба астындағы экс-жұбайының пікірі дәлелдейді.

"ЖСО Мұратова Нұргүл Қайырғазинқызына Марат Әйтенов пен Лейла Мирас тарабынан көптеген арыз түскеніне қарамастан, өз жұмысын бастан-аяқ атқарғаны үшін алғыс айтамын", - деп жазған Дана Әтешова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184956-shymkent-eks-akimining-inisinen-aliment-tolemegeni-ushin-mercedes-koligi-tarkilendi-video/