Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман түсіп, көктайғақ болады: ТЖД өкілдері алматылықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

8-9 қараша күндері Алматыда тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ТЖД ақпаратынша, "Қазгидромет" РМК дауылды ескертуі негізінде Алматы қаласында 8 қарашада, 9 қарашада таңертен және түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға бірнеше кеңес берді.

Жаяу жүргіншілерге арналған ұсыныстар:

  • есіңізде болсын, қар мен көктайғақта жүргізушінің көлікжүргізу кезінде зейіні төмендеп, жолға мұқият қарай алмай, нәтижесінде жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін;
  • көшеде жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындардан өту керек;
  • абай болыңыз, жолдан өткен кезде басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз;
  • әрқашан аяқтың астына қараңыз;
  • аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуға тиіс;
  • қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
  • есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі адамдар жиі құлап, жарақат алатын жерлер болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185070-tuman-tusip-koktaigaq-bolady-tzhd-okilderi-almatylyqtarga-undeu-zhasady/